«Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының «Білім - инновация» IT лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "IT лицей-интернат «Білім - инновация» города Щучинск управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысы

"Ғарыштық қиялдар" атты сурет байқауының нәтижесі бойынша: 
Жаңабаева Ермек 8 Ә 1-ші орын; 
Писарева Алиса 6 Г 1-ші орын; 
Абжанова Диана 8 А  2-ші орын; 
Абдрахманова Аружан 8 Ғ 2-ші орын; 
Серікбай Жанар 8 Ә 3-ші орын; 
Мусайбекова Айсулу 8 Ә 3-ші орын; 
Шортанбай Жансая 8 Ә 3-ші орын.
Сатыбекова Самира 5 А "Креативность" номинациясына ие болды.

 

"Ғарыштық қиялдар" атты байқауына белсене қатысқаны үшін: 
Жумабек Шынғысхан 5 Б;
Дердюк Кирилл 5 Б; 
Данилова София 5 В;
Қасым Айсұлу 6 А сынып оқушылары грамотамен марапатталады.

Салауатты өмір салты айлығының аясында өткен "Санпост-2021" аудандық байқауына мектебіміздің 7 "б" сынып оқушысы Оспанов Надир және 8 "а" сынып оқушысы Омар Мөлдір белсенді қатысқаны үшін мақтау қағазымен  марапатталды.

  

 

7 а сыныбы ата- аналарына тарту!

 

7 "А" сыныбынын куттыктаулары!

 

1 наурыз - Алғыс айту күні!

Эстафета видеороликов

 

7 "А" сынып Омарбек Данара оқушысы алғыс айту  видеоэстафетасын жалғастырады
#алғыс айту
#1Наурыз

 

25.02.21 ж күні  біздің мектебімізде Сынып жетекшілерге арналған декадаға байланысты, 10 " А" сыныбында  " Менің болашақ мамандығым "- атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өтті.  Аталмыш, пікір- таласта балалар өздерінің болашақ мамандыққа деген  көзқарастарын ортаға салып, іс- шараға өз мәресінде өтті.

 

7 "А" сынып окушылары алгыс айту видеоэстафетасын жалгастырады
#алгыс айту
#1Наурыз

 

Сынып жетекшілер онкүндігі аясында 9 а сынып оқушыларымен, сынып жетекшісі  Олжанова Асем Казезтаевнаның ұйымдастыруымен "Мамандық таңдау -  маңызды іс" атты сынып сағаты өткізілді.

 

 

23.02.21 жылы аудандық "Жарқын болашақ" олимпиадасы өтті. Ауданның 26 мектебінен 95 оқушы қатысты.  Соның ішінде ІТ мектеп-лицейінен төмендегі оқушылар жүлдегер атанды. 
11 а сынып оқушысы - Мукашева Айнур "Әнші бұлбұлдар" номинациясы бойынша І орын ( жетекшісі: Абдрахманова Айман Жугеровна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі);
7- сынып оқушысы, Танкибаев Жантөре "Білгірлер бәйгесі" номинациясы бойынша ІІ орын ( жетекшісі: Мурзагельдина Куаныш Рахимовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі);
7-сынып оқушысы, Ерлан Алқар " Сөз шеберлері" номинациясы бойынша, грамота ( жетекшісі: Мурзагельдина Куаныш Рахимовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі);
8-сынып оқушысы, Сагателян Мариям "Жас қаламгер" номинациясы бойынша, ІІІ орын ( жетекшісі: Құдабаева Ботагөз Сагынбаевна,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі);
8-сынып оқушысы, Шортанбай Жансая "Бейнелеушілер" номинациясы бойынша ІІІ орын ( жетекшісі: Мурзагельдина Куаныш Рахимовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі) алды. Барлық оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймын, тек алға ІТ мектеп-лицейі!!!

 

Достар, біз, ІТ мектеп-лицейінің  оқушылары пікірсайысшылар арасындағы республикалық челленджді жалғастырамыз!  Нағыз пікірсайысшылар өздерінің пікірсайыспен айналысып жүргендерін біз сияқты  мақтан тұтады деп ойлаймыз. 
#РУМЦДО  #Ядебатер
#Менпікірсайысшымын

 

 

ІТ мектеп - лицейінде  «САМРҰҚ» дебат клубы - оқушылар  бірлестігінің ерікті ұйымы  құрылған . Бұл ұйым оқушылар  бойында шешендік өнерді, көшбасшылық қасиеттерді, ұйымдастыру қабілетін дамыту мақсатында құрылған.  Дебат  клубында оқушылар қазақ, орыс тілдерінде пікір алмасады.
«САМРҰҚ»   дебат клубы   Щучинск қаласындағы ЦУВР «Арман» комитетінің толыққанды мүшесі. Клуб барлық жұмысын осы ұйыммен үйлестіріп отырады.  

«САМРҰҚ» дебат клубы оқушылар арасында парламентаризмді дамыту, сыни көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған. 
Дебат клубының  міндеттері 
- Қисынды, риторика мен шешендік дағдыны дамыту; 
- Ұйымдастыру қабілеті мен сыни ойлауды дамыту; 
- Бурабай ауданының орта мектептерінің  жан-жақты дамыған оқушыларымен байланыс орнату.

 

 

7ғ-сыныбында интеллектуалды ойын :"Бәрін білгім келеді" өтті. Ойынның мақсаты оқушыларға тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы ақпарат беру және білімдерін  шыңдау.

 

«Татулықтың тұтқасы - бірліктің бесігі»

 

23.02.2021 күні 6А сынып оқушыларымен Алғыс айту-парызым тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Сабақ барысында оқушылар сұрақтарға өз ойларымен жауап беріп, пайдалы ақпараттар алды. 
Сынып жетекшісі:Тагирова А.Р.

 

Сынып жетекшілердің онкүндігіне орай 8А және 8Ә сыныптар арасында "Менің отбасым" атты суреттер көрмесі өткізілді. 
Сынып жетекшілері: Шырылдакова Ш.А.,  Калыкова Ш.К.

 

«Татулықтың тұтқасы - бірліктің бесігі»

 

«Татулықтың тұтқасы - бірліктің бесігі»

 

 

22  ақпан күні,  сынып жетекшілерінің онкүндігіне орай 8 «Ғ» сынып оқушылар арасында сынып жетекшісі Кудабаева Б.С. оқушылармен
«Менің сүйікті отбасым» тақырыбына сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: Жас ұрпақты әдептілікке, адамгершілік құндылықтар, отбасындағы тәрбие, отбасы құндылықтарын сақтай білуге баулу. Оқушылыр сынып сағатына қызығушылықпен және белсене қатысты.

 

Бүгін 5 а сыныбында  "Сынып үздігі " интеллектуалдық ойын  өтті.
Мақсаты :Оқушылардың əр пəн бойынша  алған  білімдерін тексере отырып,  ақыл ой өрсін ,жан - жақты дамыту.

 

Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау».
Тәрбие сағатының мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
  6 “Ә » сынып

Сынып жетекшісі : Тулегенова Б.М.

 

 

Бүгін Щучинск қаласының  ІТ мектеп-лицейінде 7 «А» сыныбында оқушылар мен ата-аналар арасында  «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды  ойыны өтті.

Мақсаты: Оқушылар мен ата-аналардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту. Интеллектуалдық ойын «Бәйге», «Жорға», «Полиглот», «Жорға» және «Пікірталас» деп аталатын 5 кезеңдерден тұрады.
Ойынға оқушылар мен ата-аналар белсенді қатыса отырып, көптеген сұрақтарға жауап беріп, білімдерін шыңдай білді. Бәсекелес орта қалыптастыра білді. Ойын нәтижесі бойынша ата –аналар арасында Жанар Махметова, оқушылар арасында Танкебаев Жантөре жеңімпаз атанды.

 

 

Бүгін Щучинск қаласының  ІТ мектеп-лицейінде 7 «А» сыныбында «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы  адалдық сағаты өтті. Онлайн сынып сағатының  негізі ретінде әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге және елге деген құрметтен өрнектелген ұлы ақынның шығармалары алынды.Биыл 9 ақпан күні жыр мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931–1976) толды. Мақатаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қоры болып табылады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген, рухы мен бар бітімімен халықтың қайнар көзін сіңірген дарын өз халқының ең сүйікті ақыны болды. «Поэзия – махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс» деген Мұқағали ақынның өлеңдері ең әуелі адамдарды адалдыққа, тазалыққа, мейірімді болуға, жас ұрпақты Отанды сүюге, туған жерді құрметтеуге, ана тілімізді ардақтауға, қарттарымызды қадірлеуге және дәл осындай бейбіт күннің қадірін білуге шақырады. Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның патриоттық өлеңдерімен танысты. Ақын шығармашылығында Отан мен туған табиғат тақырыбы маңызды орын алады. Өз шығармаларында ол адам Отансыз өмір сүре алмайтынын айтты. Отансыз адамды ормансыз құсқа теңеді. Туған халқын жырламаған ақын жоқ шығар. Ал Мұқағали ағамыздың халқына деген перзенттік махаббаты әр өлеңінде керемет суреттелген.  Сондай-ақ, «Адалдық сағатында» ақын шығармашылығы арқылы патриотизм мен жеке бастың қадір-қасиеті туралы ойлар айтылды. Мұқағали Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясын жаңа көркемдік деңгейге көтерді. Оның шығармашылығы идеологиялық және саяси көріністерден ада, нағыз лирикаға толы. Ақынның шығармаларын зерттей отырып, біз Отанды сүюге және қорғауға, табиғатты аялауға, адамдарды сүюге, аналарымыз бен жақындарымызды бағалауды үйренеміз.

 

 

12.02.2021 ж. IT мектеп-лицейінде, интернационалдық жауынгерлердің құрметіне арналған, іс-шара өтті.

 

 

Ағымдағы жылдың 26 каңтарында Щучинск қаласының ІТ мектеп- лицейінде Бурабай ауданының ішкі саясат және дін істері бойынша бөлімінің маманы М.Е.Батталовамен және теолог Т.К. Шариповпен "Зайырлылық-  Қазақстан қоғамының рухани дамуының кепілі" тақырыбында дәріс өткізілді.

 

 

8.02.2021 жылы 5" А" сынып  оқушыларымен 
"Ауғанстан ақиқаты " тақырыбына байланысты сынып сағаты өтті.
Сынып сағаттың мақсаты : Оқушыларға Ауғанстан соғысы туралы мәлімет беру және сол соғысқа қатысқан ардагерлерімен таныстыру.

 

 

Единый классный час «День Благодарения»

Класс 6B

Жаңартылған күні: 01.01.1970 06:00
Құрылған күні: 23.04.2021 09:54

Текст